31.08.2016, 15:52
Оқылды: 23

Оралдағы изоляторда күдіктінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Kaza tabui   Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторында өзіне-өзі қол жұмсаған күдіктінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


   БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 23 тамыз күні сағат 09.15 шамасында ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ұрлық) ұсталған А.Қабиев керуеттің екінші қатарынан төменге қарай басымен құлаған. Миы езіліп, басынан ауыр жарақат алған А.Қабиев сол күні облыстық ауруханада сағат 23.00-де көз жұмды.

   Аталған дерек ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) Орал қалалық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале