9.03.2016, 11:25
Оқылды: 16

Оралдағы ірі жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты

Avaria  7 наурыз күні Орал қаласында сағат 4:30-да Шолохов пен Сырым Датұлы көшелерінің қиылысында орын алды.


Мұнда "ВАЗ-2114" пен "Лада Приора"көліктері соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, "ВАЗ-2114" Шолохов көшесіне жүру үшін Мәскеу көшесін қиып өтіп келе жатқан, сол кезде «Лада Приора» «Астана» СҮ ауданынан С.Датұлы көшесімен жүрген.

Көліктердің бүлінгеніне қарағанда, «Приора» "ВАЗ-2114" көлігін сол жақ бүйірінен соққан. Соққы салдарынан «ВАЗ-2114» бордюрден сырғып, жолдың сыртына шығып кеткен, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

«Приораның» жүргізушісі облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеді.

"ВАЗ-2114" көлігінің рулінде әкімшілік полиция басқармасының қызметкері болғаны белгілі болды. Ол оқиға орнында қаза тапты.

Жол апатының басқа мән-жайлары анықталуда.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале