6.12.2015, 16:43
Оқылды: 22

Оралдағы №37 мектептің оқушысы Ділнәз Әділова анасымен бірге жоғалып кеткен

Siria  Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанған тағы бір отбасының ойраны шықты. Оралдағы №37 мектептің 7 «а» сынып оқушысы Ділнәз Әділова анасымен бірге жоғалып кетті.

4 қарашада күзгі демалысқа кетіп, 12 қараша күні сабаққа келмеген Ділнәздің анасымен сынып жетекшісі хабарласады. Алайда екеуінің де телефоны сөндірулі болады. Қыздың әкесі Жеңіс Хасанғалиев Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істейтін еді. 13 қараша күні әкесі мектепке келіп, қызы мен әйелінің жоғалып кеткенін айтып, етегі жасқа толып жылап, көмек сұрайды.


 

Мектеп ұжымы БҚО ішкі істер департаментіне хат жазып, оқушының жоғалып кеткенін хабарлап, іздеу салған. Олардың анықтауы бойынша, күні бүгін Ділнәздің анасымен бірге Қазақстан аумағынан шығып кеткені белгілі болып отыр.

Мектеп директоры Тамара Мұсақызы олардың Мәскеу арқылы Сирияға кеткені туралы хабар алып отырғанын айтты.

www.zhaikpress.kz

Ә . Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале