19.11.2015, 10:30
Оқылды: 26

Оралда автокөлік тонаған ұрылар ұсталды

 

Avtokolik tonagandar   Орал қ. ІІБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде облыс орталығында жасалған ұрлыққа қатысы бар төрт жас жігітті анықтады. Орал қ. ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Құрманғазы көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің ауласында құрықтады. «ВАЗ-2106» автокөлігінің артқы терезесін шешіп алып, аккумулятор, радиатордың торы, темір трос және антенн кабелін ұрлап әкетпекші болған. Оқиға орнынан 19 жасар Казталов, 18 және 20-жасар облыс орталығының тұрғындары және 20 жасар Шыңғырлау ауданының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмысқа аталған жігіттер түнгі уақытта қасақана шығып отырған.

Тергеу барасында ұсталған азаматтардың төрт автокөлік тонау қылмысына қатысы бары анықталды. Сонымен, қыркүйек айында Мөңкеұлы көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласынан «ВАЗ-21703» автокөлігінің жанындағы терезесін сындырып, салоннан «Пионер» маркалы автомагнитоласы мен колонкасын қолды қылған. Ұсталғандардың автокөліктің терезесін, құлпын сындыра отырып, ішке еніп, көзге көрінген дөңгелек, молдинг, айна, жарық шамын ұрлап жүргені белгілі болды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале