26.02.2016, 20:02
Оқылды: 134

Оралда Алғыс айту күніне орай спортшыларға құрмет көрсетілді

Sportt  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасында Алғыс айту күніне орай спорт түрлерінен дүниежүзілік додалар мен республика біріншіліктерінде топ жарған жеңімпаз-жүлдегерлерге құрмет көрсетілді.


Басқарма басшысы Азамат Бекет пен шорт-тректен Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков жоғары табыстарға қол жеткізген спортшыларға ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді. Бұл ретте таяуда ғана Норвегияның Лиллехаммер қаласында мәреге жеткен ІІ қысқы жасөспірімдер олимпиадасында шорт-тректен аралас командалық жарыста қола жүлдегер атанған Анита Нагайдың орны ерекше. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшыға алғысхатпен бірге 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Сонымен қатар үстел теннисі, грек-рим, әйелдер, дзюдо және қазақ күресі, гір спорты, бокс, велосипед жарыстарында оза шапқандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындай спортшыларды тәрбиелеп отырған олардың ата-аналарына алғысхаттар тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале