3.07.2016, 15:14
Оқылды: 35

Оралда армяндар тұңғыш рет су мерекесін тойлады (ФОТО, ВИДЕО)

IMG-20160703-WA0024Қаламыздағы армян халқының өкілдері Достық үйінің алдында «Вардавар» атты дәстүрлі мерекелерін атап өтті.


- Армян халқының өкілдерін, барша қала тұрғындарын «Вардавар» мейрамымен құттықтағым келеді. Бұл мереке Арменияда және әлемдегі барлық армян диаспораларында кеңінен тойланады. Ал Орал қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған барлық этномәдени орталықтар атсалысуда. Өйткені біз, қазақстандықтар, - бөлінбейтін, татулығы жарасқан, біртұтас халықпыз. Елбасы саясатының арқасында ұлттық мерекемізді лайықты түрде атап өтудеміз. Бес мың жылдан аса тарихы бар көне су мерекесінің шығу тарихы шаруалардың жаз ортасындағы ыстық келгенде егістікті қолдан суаруымен байланыстырылады. Осы уақытта олар бір біріне су шашып ойнап, жан дүниелерімен шаттана қуанысады, еркін араласады,- дейді «Масис» армян этномәдени орталығының төрағасы Аветик Амирханян.
Мерекеге жиылған үлкен-кіші бір-біріне су шашысып, әдемі әуенге шаттана би биледі. Көңілді кештің соңы мерекелік дастарханға ұласты.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале