10.11.2015, 17:35
Оқылды: 13

Оралда ауруханаға түскен балалардың барлығы үйлеріне шығарылды

Balalar  Оралда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінен түскен 129 бала түгелдей үйлеріне шығарылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың дені бұдан бұрын өз отбасыларына оралса, бүгін қалған 23 бала ауруханадан шықты. Бәрінің де жағдайы жақсы.

Қазіргі кезде ауруханада мектеп асханасының 22 қызметкері ем алуда.

Еске сала кетейік, оқушылар 30 қазаннан бастап жаппай жатқызылған болатын. Олардың барлығына дизентерия диагнозы қойылды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале