6.11.2015, 10:05
Оқылды: 25

Оралда ауруханаға түскен 129 баланың 76-сы үйлеріне шығарылды

 

Bala kaitarildi  Оралда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінен түскен 129 баланың 76-сы үйлеріне шығарылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың бәріне де дизентерия деген диагноз қойылды. Жағдайлары жақсы, енді емдерін амбулаториялық жағдайда жалғастырып, дәрігерлердің жіті қадағалауында болмақ. Санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға балаларын немен тамақтандыру керектігі түсіндірілді. Ауруханада қалған балалар 7-10 күнге созылатын емдеу курсынан өткеннен кейін шығатын болады.

Еске сала кетейік, аталмыш мектепте балалар 30 қазаннан бастап жаппай ауруханаға түскен еді. Қазіргі таңда да мектепте барлық оқушылардан талдама алынып, олардың денсаулығын тексеру жұмыстары жалғасуда.

 www.zhaikpress.kz

 Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале