21.05.2015, 11:12
Оқылды: 33

Оралда ағаштан жасалған қазақ батырының мүсіні ашылды

11052407_1601069870141097_5230345876405204957_n   Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батырының мүсіні ашылды.

Мұның ерекшелігі - ағаш түбірінен ойылып жасалғандығында. Оған әуесқой мүсінші Болатбек Баймағамбетовтің бір айдай уақыты кеткен. Осы жерде қураған ағаштың түбірі тұрғанын байқаған ол көмекшісі Азамат Алагөзовпен бірге жергілікті тұрғындардың қолдауымен қазақ батырының бейнесін сомдап  шыққан.

Кішкентай кезінен сурет салумен айналысатын Б.Баймағамбетов соңғы жылдары ағаштан шағын мүсіндер жасауды қолға алған екен. Енді ол аталған ескерткішті күтіп ұстаумен бірге алдағы уақытта да осындай істерді қолға алмақшы.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале