17.11.2015, 20:13
Оқылды: 59

Оралда ақын Айсұлу Қадырбаеваның шығармашылық кеші өтті

 

12250135_1658956217685795_5151776680461609241_nБүгін облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын Айсұлу Қадырбаеваның шығармашылығына арналған "Барып қайт, балам, ауылға" әдеби-сазды кеші өтті.


12246810_1658955107685906_8049026676506708398_nҚасиетті Қаратөбе топырағынан түлеп ұшқан қайсар қыздың бойындағы құдай берген дарын мен өршіл рух оны ақындық өнердің биігіне алып шықты. «Айту - парыз», «Ақ мама», «Барып қайт, балам, ауылға», «Иманға жүгін, ей, пенде!» кітаптары жарық көрді.

12250152_1658955517685865_2855402442742869948_nБар саналығы ғұмырын әдебиет пен тәуелсіздік жолына арнаған Айсұлу ақынның сонау 1991 жылы Оралдағы қыркүйек оқиғасы кезінде ел тұтастығын сақтап қалу жолында тағдырын қауіп пен қатерге байлап, ерлермен бірдей иық тіресе жүргенін ел-жұрты ұмыта қойған жоқ.

12246833_1658955384352545_7432160791870387690_nКеш иесін құттықтай келген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Айсұлу Қадырбаеваға жүрекжарды лебізін жеткізіп, өңір басшысының атынан құттықтау хат табыс етті. Ақынға гүл шоғын ұсынып, дәстүр бойынша қамзол жауып, орамал тақты.

12241418_1658954921019258_2865490450765567351_nКеш барысында ақынның «Ақ мама» лирикалық жыр-дастаны бойынша, сондай-ақ  азаматтық белсенділігіне арқау болған қоғамдық қызметін бейнелейтін сахналық қойылымдар көрермен көпшіліктің жүрегіне жол тауып, ыстық ықыласына бөленді. Сахна төрінде ақынның өршіл өлеңдері оқылып, әуелетіп ән шырқалды, мың бұрала би биленді, қасиетті қара домбыраның шанағынан күмбірлеген күй төгілді.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале