29.10.2016, 16:14
Оқылды: 54

Оралда А.Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын көтерді

fb_img_1477746771018Бүгін Орал қаласында халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы, əлем чемпионы және əлем кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгілер арасындағы самбо және әскери самбодан халықаралық турнир басталды.


fb_img_1477746757358Өмірі мен еңбегі жас ұрпақты тәрбиелеуге лайықты ардақты тұлғалардың бірі – жерлесіміз, самбо күресінен тұңғыш ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, əлем кубогының иегері, КСРО және əлем чемпионы Шайхиев Асқар Тастайұлы. Еліміздің біртуар азаматының, дарынды спорт жұлдызының, ұлтымыздың аяулы перзентінің еңбегін насихаттау, есімін жадымызда мәңгі сақтау -біздің парызымыз.

fb_img_1477746775120Боз кілемде ешкімге есесін жібермеген кәсіби білікті палуанның жолын бүгінгі ұрпақ табысты жалғастырып келеді. Тәуелсіздік жылдары өңірімізден сан алуан спорт шеберлері, ҚР және əлем чемпионаттарының, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәрбиеленді. Осының бәрінде спортта бағы жанып, күрес өнерінің қыры мен сырын жіті меңгерген, белдесуде алдына жан салмаған сырымдық саңлақ Шайхиев Асқар Тастайұлының қолтаңбасы тұр деуге болады.
Жарысқа Армения, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерімен қатар Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының палуандары қатысып отыр.
Палуандар 48, 52, 57, 62, 68, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта күш сынаспақ. Сонымен қатар 62 және 74 келі салмақта ересектер әскери самбодан өнер көрсетеді деп күтілуде.
fb_img_1477740097227Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, Қазақстан Республикасының спорттық самбо және әскери самбо федерациясының вице-президенті Марат Мұхамбетжанұлы және марқұмның жұбайы Аягөз Мәжикенқызы қатысып сөз сөйледі.
Жарыс 30 қазан күні аяқталып, турнир жеңімпаздары 50 000, күміс жүлде иегерлері 30 000 және қола жүлдеге ие болғандар 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен, медальдарымен марапатталады.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале