25.11.2015, 15:25
Оқылды: 19

Оралда балабақшаның екінші қабатынан 4 жасар бала құлап кетті

bala kyladiБұл туралы Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматова хабарлады.


Оның айтуынша, Орал қаласының Зашаған кентіндегі «Арман» шағынауданында орналасқан «Заңғар» балабақшасының екінші қабатынан 2011 жылы туған бүлдіршін абайсызда құлап кеткен.

Оқиға таңертеңгі мезгілде болған. Баланың құлағанынан тәрбиешілері бейхабар болған. Бейнебақылау камерасында көрсетілгендей, құлап түскен баланы көшеде өтіп бара жатқан ер адам көріп, балабақшаға кіргізіп кеткен. Дереу ауруханаға жеткізілген «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі төрт жасар Арнұрдың жағдайын дәрігерлер орташа қалыпты деп бағалауда. Олардың айтуынша, іші, белі, тізесі, өкше сүйегі жарақаттанған бүлдіршіннің ішкі органдары зақымданудан аман. Қазіргі таңда анасымен облыстық көп салалы балалар ауруханасында анасымен бірге жатыр.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале