28.12.2015, 10:14
Оқылды: 23

Оралда бас шыршаның шамы жағылды

Oral shirsha00   Орал қаласындағы орталық Абай алаңында бас шыршаның шамы жағылды.

Бас шыршаның шамын жаққан қала әкімі Алтай Көлгінов 2015 жылы көптеген шаралардың атқарылғанын атап өтті.  Айталық, шаһарда соңғы жылдары жол құрылысына айрықша көңіл бөлінуде.


     Егер 2010 жылы жол жөндеуге 595 млн. теңге жұмсалса, 2014 жылы ол 4,9 млрд. теңге жеткізілді. Биыл сол үрдіс жалғасып, 3,6 млрд. теңгеге 16 көшенің жалпы ұзындығы 25 шақырым жолы және екі көпір жөндеуден өткізілді. Жылу, кәріз, инженерлік-коммуникациялық желілер, су құбырлары да жөнделуде. Соның ішінде биыл «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 3 км магистралды жылу құбыры, 10 км кәріз желісі ауыстырылды. Нақты жоспарға сәйкес қаланың өткір мәселелері шешіле бермек. Жаңадан әлеуметтік сала нысандары салынып, бірқатары іші-сырты бірдей қайта жаңартылды. Тұрғын үй құрылысына 4,7 млрд. теңге бағытталып, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес жаңа үйлер бой көтеруде. Елбасы тапсырмасына сәйкес мұндай жұмыстар алдағы жылы да жалғасады. Егер қаланың биылғы жыл қаржысы 26 млрд. 520 млн. теңгені құраса, 2016 жыл бюджеті 22,2 млрд. жуық теңге көлемінде бекітілді. Алдағы жыл ішінде трансферт пен инвестициялар қосылған кезде бұл қаржының көлемі ұлғаяры анық. Ең бастысы, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауына сәйкес негізгі бағыттар бойынша барлық жұмыстар жасалатын болады.

Бас шырша шамы жағылғаннан кейін жиналғандар айнала би билеп, көңілді көріністерге ұласты.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале