2.09.2015, 14:51
Оқылды: 39

Оралда Білім күні оқушыларға ерлік сабағы өтті

Ерлік сабагыЖаңа оқу жылының алғашқы күнінде ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлері Орал, Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Жанаөзен қалаларының мектептерінде «Ерлік пен патриотизм, бейбітшілік пен келісім» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

ҚР Президентінің «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру, әскер жасына дейінгі жасөспірімдермен ақпараттық-насихат жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған акция ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бастамасымен қолға алынып отыр.

Сабаққа жан-жақты дайындалып келген әскерилер өздерінің күнделікті қызметтері мен тапсырмалары жайлы әңгімелеп беріп қана қойған жоқ, тәжірибе түрінде де білімдері мен біліктерін ортаға салды.

Ерлік сабагы (1)Орал қаласындағы №17,19, 30 орта мектептерде 5517 әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің әскери қызметшілері - майор Сырлыбек Куанғали, капитан Нұржан Ибраев,  капитан Алмагүл Жұмабекова,  кіші сержант Айнұр Косчанова, Айгүл Өтеғалиевалар балаларға әскери қызметтің абыройы, Отанды қорғаудың маңызы және жауынгер не офицер болудың құрметті мамандық екендігі туралы әңгімелеп берді.

Оқушылардың айтуынша, «ерлік» сабағы ұлттық рух пен патриоттық өнеге береді, ерлікке, батылдыққа тәрбиелейді.

Әскерилердің айтуынша, болашақ ұрпаққа тәрбиелік тағылымы мол осындай ерлік сабақтары алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.

www.zhaikpress.kz

ҚР Ұлттық ұлан «Батыс»

өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі, Орал

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале