20.11.2015, 9:08
Оқылды: 22

Оралда БҚО әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі концерт қойды (ФОТО)

Orkestr01   Облыстық қазақ драма театрында бейсінбі күні БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жастар шығармашылығы орталығы жанындағы облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі шығармашылық есеп беру концертін қойды.


 

Оркестрдің бас дирижері, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Александр Шевелев болса, сонымен қатар Асхат Хасанов та дирижерлік етеді. Концертте оркестр әлем классиктерінің, сондай-ақ қазақ және орыс композиторларының таңдаулы туындыларын шеберлікпен орындай білді. Оркестрдің сүйемелдеуімен өңірге танымал әншілер ән шырқап, кеш шырайын аша түсті.

Orkestr02

Айта кетейік, құрылғанына көп бола қоймаған эстрадалық-симфониялық оркестр осы уақыт ішінде Астана, Ақтөбе, Атырау қалалары мен облыс аудандарында өнер көрсетіп, көпке танылып үлгерді. Әсіресе, Қазақстанның халық әртістері, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ескендір Хасанғалиев, Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, профессорлар Қанат Ахметов, Серік Тоқпанов сынды өнер тарландарымен бірге сахнаға шығу құрметіне ие болды. 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай елордада өткен БҚО мәдениет күндері аясында Бейбітшілік және келісім сарайында өнер көрсетті.

Orkestr03

Оркестр құрамында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы, Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебі және басқа өнер ордаларының түлектері, барлығы 40 кәсіби музыкант қызмет етеді.
Оркестр репертуарында 100-ге тарта қазақ, орыс және шетел композиторларының шығармалары бар.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале