20.05.2015, 13:30
Оқылды: 21

Оралда газ тасымалдауға арналған цистерна жолдан шығып кетті

Cesterna  Кеше жергілікті сағат 12.15-те Оралдағы «Алаугаз» ЖШС аумағында №55207062 составтың (барлығы 27 вагон) соңғы вагон-цистернасы жолдан шығып кеткен.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, сұйытылған газ тасымалдауға арналған, бірақ іші бос цистерна аударылмаған. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.

Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале