20.05.2016, 11:17
Оқылды: 18

Оралда героин сатқан тұрғын ұсталды

kilmis Oral   19 мамыр күні сағат 11.30 шамасында Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағының қолдауымен С.Датұлы көшесі бойындағы «Астана» сауда үйі маңында героин сатумен айналысқан 1986 жылғы П. деген тұрғынды қолға түсірді.


  БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұдан бұрын жасырын бақылау арқылы аталған азаматтың героин сатқан дерегі хатталған.

   Қазіргі кезде П. Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау изоляторына қамауда отыр.

   ҚР ҚК 297-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

   Айта кетейік, героин есірткінің күшті түрі болып есептеледі.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале