12.11.2015, 17:25
Оқылды: 25

Оралда «Дін және әйел» тақырыбында форум өтті

Din jane ayel   Облыстық қазақ драма театрында облыс әкімдігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Дін және әйел» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форумның мақсаты әйел және дін тақырыбын қоғамдық-саяси ғылымдар негізінде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, қоғамның әр саласындағы әйелдердің басын қосу арқылы әйел құқығы мен мәртебесі, қазіргі әйел тұлғасы секілді ортақ мәселелерді талқылау болып табылады.

Форум жұмысына еліміздің әр аймағынан ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дың өкілдері мен жастар қатысты. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев қатысып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлесітігінің төрайымы Асылы Осман, қоғам қайраткері, ақын Айсұлу Қадырбаева мен «Қазақстан Жазушылар Одағы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы, ақын, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жанельұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бақыт Барсай  алқа отырысында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Бұдан кейін қазақ қыздарына ұлттық дәстүр мен дүниетанымды сіңіре отырып, болашақ ұлт аналары ретінде дайындап, оларға заманауи құндылықтарды қоса игеруге ықпал ету мақсатында жалпы орта білім беретін мектептерде  «Қыз Жібек» клубын ашу мақсатында тұсаукесері болып, театр әртістерімен әзірленген «Қыз Жібек» спектакльінен үзінді қойылды.

Пленарлық мәжіліс соңында форумның қарары қабылданып,  түстен кейін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Қыз Жібек» клубы құрылтайшыларының онлайн-конференциясымен жалғасты. Жалпы форум жұмысы А.Островский атындағы орыс драма театрында «Жәннат» драмалық қойылымымен қорытыланды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале