5.10.2015, 20:23
Оқылды: 30

Оралда дәстүрлі Жұбан оқулары мәреге жетті

Jyban okulari

Қазақстан халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ж.Молдағалиевтің 95 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі Жұбан оқулары мәреге жетті.

Қала орталығындағы Жұбан ескерткіші орын тепкен саябаққа өлең сүйер жұртшылық жиналды.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева Жұбан Молдағалиевтің Желтоқсан оқиғасы кезінде Г.Колбинге шындықты бетіне айтып, ерен ерлік көрсеткенін еске түсіріп, өз өлеңін оқып берді.

Жұбан мұрасын насихаттау мақсатында шаһардағы оқу орындарында білім алатын студенттер арасында биыл он бесінші рет өткізілген байқауда Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің студенті Александр Губарь бас жүлдені жеңіп алды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен келген Олег Буланов - бірінші, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенті Данагүл Шекеева - екінші, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж шәкірті Светлана Беспалова үшінші орынды еншіледі. Олардың бәрі де дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Сара Кенжебаеваның айтуынша, ақын есімі аталмыш кітапханаға 2001 жылы берілген болатын. Биылғы Жұбан оқулары ҚХА-ның  20 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале