21.09.2015, 9:48
Оқылды: 35

Оралда Д.Қонаевтың мүсіні орнатылды

Konaev eskertkishi    Орал қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы саябақта көп жылдар бойы Қазақстанды басқарған ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонавтың мүсіні ашылды.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан Д.Қонаевтың көзін көрген замандастары, Орал қаласының құрметті азаматы Жайсаң Ақбай, Иван Гапич  және басқалары естеліктерімен бөлісті.

Ескерткішті өңірге танымал мүсіншілер Юрий және Дмитрий Баймұқашевтер тұрғызды.

БҚО-дағы Қонаев қоғамдық қорының төрағасы, еңбек ардагері Нұрлан Ізтелеуовтің айтуынша, елімізде бірегей тұлғаның есімін мәңгі есте қалдыру бағытында біраз жұмыстар атқарылып келеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногор полиметалл комбинатына, Алматы қаласындағы К.Маркс көшесіне Д.Қонаевтың аты берілді. Жер ғылымы саласындағы жас ғалымдарға жыл сайын Д.Қонаев атындағы сыйлықтар белгіленді. Сондай-ақ Орал қаласындағы 6-шағынаудан мемлекет қайраткерінің есімімен аталды. Дінмұхамед Қонаев туралы бірнеше естелік кітаптар шығарылды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале