25.04.2016, 17:53
Оқылды: 33

Оралда жанар-жағар май құю стансасына бомба қойылды деген хабар жалған болып шықты

janarmai stancasi     Бүгін түске таман белгісіз біреу Оралға қарасты Деркөл кентіндегі жанар-жағар май құю стансасына бомба қойылғаны жөнінде полицияға хабарлаған.


     БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тиісті қызметтер сол бойда оқиға орнына барып, тексерген кезде жарылғыш зат табылған жоқ.

     Көп ұзамай-ақ жалған телефон шалған ер адам анықталып, ұсталды. Ол енді заң алдында жауап беретін болады.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале