26.10.2015, 11:00
Оқылды: 30

Оралда жас құтқарушылардың облыстық слеті өтті  

 

IMG_8806 (2)Батыс Қазақстан облысында «Дарын» қосымша білім беру орталығында жас құтқарушылар слеті өтті. Биыл төртінші мәрте жалауын көтерген бұл жарыста аудандардың жас құтқарушылары облыста ең мықтылар атағы үшін сайысқа түсті.

Оқушыларды қауіпсіз тіршілік етуге дайындау, төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-әрекетке үйрету, өрт сөндіру құралдарын қолдану дағыдыларын үйрету, салауатты және қауіпсіз өмір сүру  салтын насихаттау мақсатын көздеген слетке облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінен 7 команда қатысты. Шарт бойынша, командалар 10 баладан құралуы, оның біреуі құтқарушы қыз болуы тиіс. Қатысушылар тек қана төтенше жағдайлармен күресумен шектелмей, олар берілген координаттарды іздеу бойынша, бастапқы көмек бойынша шеберліктерін көрсетті.

Слеттің салтанатты ашылуына жедел құтқару жасағының басшысы А.О. Килишев қатысып, жас құтқарушыларға сәттілік тіледі. Өткен жылғы слеттің жеңімпазы – «Батыс West» командасы Төтенше жағдайлар комитетінің «Астана» жартасты қаласында өткен «Жас құтқарушы» республикалық жиын-семинарында І орынға ие болғанын айтты.

Слет барысында қатысушылар үй тапсырмасына берілген өздерінің таныстыруын ұсынып, қабырға қағаздарында, жыр сайысында жасампаз мінездерін, командалар саптық даярлық деңгейін көрсетіп шықты.

Жедел құтқару жасағының оқу-жаттығу және орталық базасының аумағында өткен шара барысында жас құтқарушылар «Тау», «Өткел», «Шытырман», «Форд» және жауынгерлік қанат жаю техникалық кезеңдерінен өтіп, табиғи ахуал жағдайында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Департамент және білім беру басқармасының қызметкерлерінен құралған қазылар алқасының шешімі бойынша, І орынға Тасқала ауданының  командасы ие болды, ІІ орынды Қаратөбе ауданының жас құтқарушылары, ІІІ орынды Бөрлі ауданының командасы қанжығаларына байлады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале