28.03.2016, 10:04
Оқылды: 20

Оралда жаңа театр ашылды

 Teatr   Оралда Халықаралық театр күні жаңа өнер ұжымы жұмысын бастады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Театрдың режиссері әрі көркемдік жетекшісі белгілі актер - Еркін Тасболат. «Ұлы дала» атауын иеленген театр келешекте әлемдік деңгейдегі шығармаларды сахналауды мақсат етеді. Әзірге негізгі көрермені - жеткіншектер.


Сондықтан болар, тұсаукесер қойылым шымылдығы да «Сақ бол» атты халық ертегісімен түрілді. Су жаңа сахнаның тырнақалды туындысын көрермен жылы қабылдады. Безендірілуі, декорация мен актерлердің ойнау шеберлігі де көпшілік көңілінен шықты.

«Өнер саласында оқып жүрген 5 актеріміз бар, бір музыкалық операторымыз бар, әзірге ұжымымыз кішкентай. Өйткені жаңадан ашылып жатқаннан кейін облыс, республика деңгейінде қалып қоймай, біздің Қазақстанның туын әлемдік деңгейде көтеріп, өзге мемлекетке апарып танытқымыз келеді», дейді театр директоры Айжан Хамидуллина.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале