30.08.2015, 19:16
Оқылды: 16

Оралда жол апатынан аға прокурор ажал құшты

Ruslan Ajgaliev   29 тамыз күні таңғы сағат бестер шамасында ЖЭО маңында жол апаты орын алды, деп хабарлайды «Мой город». 

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Murano көлігі апатқа ұшыраған. Оның рөлінде БҚО прокуратура басқармасының аға прокуроры 1987 жылы туған Руслан Әжғалиев болған. Ол оқиға орнында қаза тапты.

Әзірге жол-көлік оқиғасының себептері белгісіз.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале