26.05.2016, 17:57
Оқылды: 42

Оралда жол апатынан үш адам қаза тапты

jol apatinan    Бүгін таңертең сағат 04.00 шамасында 1992 жылғы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен Неусыпов көшесі 7/1 мекенжайындағы үйге соқтығысуға жол берген.


   Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Динара Әбділқалықованың хабарлағанындай, соның салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі алған жарақаттары салдарынан облыстық ауруханада жан тапсырды. Жүргізушінің өзі де жарақат алған.

   Қазіргі кезде сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале