28.06.2016, 12:55
Оқылды: 24

Оралда журналистер форумы өтті

forum jurnalistov (1)Батыс Қазақстан облысындағы дәстүрлі журналистер форумы биыл мазмұны өзгерген жаңа форматта өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен Салтанат сарайында бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшыларының белгілі қазақстандық журналистермен «Аймақтық журналистиканың бүгіні мен ертеңі» тақырыбында форум ұйымдастырылды.


 

forum jurnalistov (2)Форумда «Казконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім, журналист, фотограф, блогер Максим Рожин, саясаттанушы, «Медиалық технологиялар орталығы» ЖШС директоры Артур Нығметов, сондай-ақ жергілікті журналистер Жидегүл Аманғали және Нұрлыбек Рахмановтар өз жұмыстары, жас журналистерді дайындау бағытындағы кедергілер мен қиындықтар, ақпараттық саттарды дамыту жөніндегі ойларын ортаға салды.

forum jurnalistov (3)«Жайық Пресс» ЖШС жанындағы ақпарат орталығының жетекшісі Нұрлыбек Рахманов интернет-қорларда сапалы блог ашудың мәселесін айта келіп, Батыс Қазақстан блогерлерінің қоғамдастығын құруды ұсынды.

Қаламгерлерді кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов арнайы құттықтай келді.

forum jurnalistov–Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын атап өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында мерекеленуде. Бүгінгі форум барысындағы өзара тәжірибе алмасу журналистік кәсіби біліктілікті арттыру бағытындағы игі шара болғаны анық. Журналистердің ұлттық сахнадағы орны ерекше. Олар халыққа әлеуметтік деңгейде де, экономикалық тақырыпта да нақты, шынайы, объективті ақпарат беріп жүр. Осы бағыттарыңыздан танбаңыздар. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін, - деді Марат Лұқпанұлы.

Семинар-тренинг түрінде өткен форумнан қалам ұстаған ағайынның әрқайсысы өзіне пайдалы жағын сіңіргені анық. Ендеше сол жаңашыл үрдістердің күнделікті қызметінде көрініс табарына сенім мол.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале