13.10.2015, 10:39
Оқылды: 30

Оралда жылу тарифі өсті

тепло тарифТабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылумен қамту қызметіне жаңа тариф бекітті.

-Орал қаласын жылумен қамтитын кәсіпорынның тарифі 2012 жылы бекітілген еді.  Сол кездегі тауарлық газдың бағасы 1000 текше метріне (ҚҚС-сыз) 10380,21 теңге болатын. Алайда содан бергі үш ішінде газдың бағасы әлденеше мәрте өсті және бүгінде 1000 текше метріне (ҚҚС-сыз) 14827,95 теңгені құрайды. Яғни газ бағасы 42,8 пайызға өскенмен, жылумен қамту бағасының өсімі 10 пайыз шамасында қалған. Осындай жағдайларды елеп-екшеген аталмыш департамент жылу қызметі тарифін өсіруді жөн санаған. Бірақ тариф тек бюджеттік мекеме-ұйымдарға өсірілді. Ал тұрғындарға және өзге де тұтынушыларға жылу тарифі бұрынғы күйінде қалды,- деді аталмыш департаменттің бөлім басшысы Сержан Жаманқұлов.

Департаменттің бұйрығымен биылғы 10 қазаннан бастап жылумен қамту тарифі тек мемлекеттік мекеме-ұйымдарға, бюджеттік кәсіпорындарға өсіріліп, 1 Гкал үшін (ҚҚС-сыз) 9009,92 теңге деп белгіленді. Тұрғындар үшін тариф бұрынғыша 3109,22 теңге, өзге тұтынушыларға 3346,07 теңге (ҚҚС-сыз). Сонымен қатар суды ысыту үшін төлем өзгеріссіз қалды, яғни 1 текше метр үшін 164,79 теңге, бір адам үшін (есептеуіш құралдарынсыз, ҚҚС-сыз) 601, 48 теңге.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале