4.08.2015, 17:33
Оқылды: 12

Оралда зейнеткер әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Kisen  Оралда 1 тамыз күні кешкісін сағат 22.00 шамасында ВАЗ-2110 автокөлігімен белгісіз жүргізуші ескі әуежай ауданында, Алаш және Жауынгер интернационалистер көшелерінің қиылысында 1939 жылғы И. деген зейнеткер әйелді  қағып кетіп, бой тасалаған болатын.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жедел іздестіру шаралары барысында ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол 1994 жылғы Е. деген азамат болып шықты.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале