22.06.2016, 17:40
Оқылды: 16

Оралда косметолог Э.Абдуллаеваға қатысты сот үкімі шықты

kosmetologОрал қалалық сотының 22 маусым күнгі үкімімен Эльвира Абдуллаева ҚР ҚК 322-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оның үш жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар косметолог үш жылға медициналық қызмет атқару құқығынан айырылды.


Сот талқысында белгілі болғанындай, Э.Абдуллаева дермотокосметология саласында қызмет көрсетуге сертификаты мен лицензиясы болмаса да, жәбірленуші Айжан Жақанованың бетіне ота жасаған. Соның салдарынан биылғы 28 наурыз күні Орал қаласындағы «Звезда Востока» сұлулық салонында А.Жақанова көз жұмды.

Сот үкім шығарған кезде аталған қылмыстың бірінші рет жасалғанын, қылмыстық құқықбұзушылық салдарынан келтірілген мүліктік шығын мен моральдық залалдың толықтай өтелгенін, сотталушының өз кінәсін мойындап, өкінгенін, асырауында кәмелетке толмаған екі баласы бар екендігін ескерді.

Сот залынан босатылған Э.Абдуллаева Алматы қаласы Медеу ауданындағы мекенжайда күйеуі Э.Долматовпен бірге тұрады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале