10.09.2016, 19:36
Оқылды: 171

Оралда кітапқа арналған ескерткіш бой көтерді

oral_yalla4Қала күніне орай жаңа алаңда ерекше композиция - кітапқа арналған ескерткіш ашылды. Композицияның ашылу рәсіміне қала әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.


Бірінің үстіне бірі қойылған топтамадағы кітаптардың сыртында әл-Фараби, Абай, Махамбет, А.С.Пушкин, М.А.Шолохов, Ғұмар Қараш, Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Қадыр Мырза Әли есімдері көрініс тапқан.

kitap-eskertkiw-1Жергілікті әртістер осы тұлғалар кейпінде киініп, халықтың ортасына келіп, ескерткіш алдына жиналғандарға өз сөздерін арнап, кітаптың мәңгі өлмес рухани мұра екендігін атап көрсетті.

Кітап ескерткішінің Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы мен жаңадан салынып жатқан оқушылар мен жастар сарайының арасында орын тебуі де осынау рухани байлыққа деген құрметті білдіріп тұрғандай.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале