8.10.2015, 14:08
Оқылды: 39

Оралда күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Т.Шәмелов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Janakala takta ilindi    Оралда белгілі күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас домбырашысы әрі көркемдік жетекшісі болған Тұяқберді Шәмелов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Жаңақала ауданы әкімдігінің қолдауымен қойылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде күйшінің замандастары Қырымгерей Қажымов, Ермек Қазиев, сондай-ақ шәкірттері сөз алып, өз естеліктерімен бөлісті. Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов Тұяқберді Шәмеловке мұндай құрметтің туған жерінде де жасалып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, күйшінің өмірден өткеніне үш жыл толуына орай Жаңақала ауылында ас берілді. Оған қоса еске салу шаралары «Тұяқберді» кітабының таныстырылымы, «Шарықтайды күй» атты халықтық оркестрлер ұжымдарының фестивалі, "Домбыра Party" кешіне жалғасты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жаңақала ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен осы үйде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанғали Нәбиуллинге де ескерткіш тақта орнатылған болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале