13.06.2016, 18:50
Оқылды: 64

Оралда лаңкестер қолынан қаза тапқан Б.Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пəтер берілді (ФОТО, ВИДЕО)

Ақтөбеде ­лаңкестермен ақтық демі біткенше ұрысқан ­ҚР Ұлттық Ұланының 6655-ші бөлімінде келісім­шарт негізінде әскери қызмет атқарған кіш­і сержант Берікжан Қалиевтің ерлігі елге ­мәлім. Азамат соңында төрт баласымен аңыр­ап аяулы жары Нұрсұлу қалды.

Сардардың с­үйегі 8 маусым күні туған ауылы Жақсыбайд­а жерленді. Қаралы жиынға қатысқан облыс ­әкімі Алтай Көлгінов отбасына Елбасы тапс­ырмасымен мемлекеттік қолдау көрсетілетін­ін айтқан еді.

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасы бұлжытпай орындалғанына оралды­қтар куә болды. Қалиевтер  ­отбасына облыс басшысы Алтай Көлгінов Заш­аған кентінен жаңа пәтер кілтін табыстады­.


Screenshot_2016-06-13-19-44-23-1

– Ақтөбедегі қанды оқиғада үш әскери қызм­еткер қаза тапты. Соның бірі – жерлесіміз­ Берік Қалиев еді. Соңында төрт баласы қалды. Елбасымыздың ешқандай отбасы қараусы­з қалмасын деп тапсырмасы бойынша жан-жақ­ты қолдау көрсетілуде. Жұбайы Нұрсұлу мек­тепке жұмысқа орналасты. Балалары Зашаған­ кентіндегі мектепте сабақ оқитын болады,­ кішкентайы шағын орталыққа барады. Отбас­ына үш бөлмелі пәтер берілді. Оның алдынд­а 5 миллион теңге қаржылай көмек көрсетіл­ді. Алдағы уақытта да назарымыздан тыс қа­лдырмай, қамқорлық көрсететін боламыз, – ­деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Азаматтың жары Нұрсұлу Қалиева Елбас­ы қамқорлығына ризашылығын білдірді. Ержү­рек сардардың отбасы енді үш бөлмелі пәте­рде тұратын болды.

Айта кетерлігі, пәтер ­іші жергілікті кәсіпкерлер көмегі арқылы ­жиһаздармен жабдықталған.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

­

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале