16.07.2015, 19:59
Оқылды: 32

Оралда мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға 1500-ден астам адам жүгініп, 582 млн. теңгенің мүлкі жария етілді

Mylikti jaria etu Орал қаласында өткен жылдың қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға (төрағасы - қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев) 1500-ден астам адам жүгінді. Олар жеке үйлер, пәтерлер, жер телімдері, көлікжай, шаруашылық құрылыстары, бизнес нысандары, саяжайлар, көліктерді жария ету жөнінде өтініш жасаған. Отырыстары аптасына бір рет өтіп тұратын комиссия шешімдері негізінде 582 млн. теңгенің мүлкі жария етілді.

Айта кетейік, мүлікті жария ету бойынша түскен өтініштерді комиссия 1 ай мерзімде қарап, шешім шығарады. Науқан биылғы жыл соңында мәреге жетпек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале