10.08.2015, 19:20
Оқылды: 24

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарды мамандықтарға даярлауда

авг конф (1)Бұл туралы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында өткен облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз мәслихатында айтылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік пайдалы еңбекке бейімдеуге жағдай жасаудың маңыздылығын айрықша атап кеткен болатын.

Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Техник-бағдарламашы», сонымен қатар Орал «Сервис» технологиялар колледжінде «Киімдер үлгісін құрастырушы», Сервис және жаңа технологиялар колледжінде «Сәндік қолданбалы заттарды тері мен былғарыдан жасаушы», Рубежка колледжінде «Жеміс-көкөніс өсіруші» мамандықтарына даярлау жұмысы жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале