1.11.2016, 18:04
Оқылды: 42

Оралда Мұрат Жұмашевті еске алуға арналған республикалық турнир өтуде

%d0%b6%d1%83%d0%bc%d0%b0%d1%88%d0%b5%d0%b2-1Бүгін грек-рим күресінен Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевті еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Оған 1997-1999 және 2000-2002  жылдар аралығында туған жас палуандар қатысуда.


Жарыстың ашылуында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметов сөз сөйледі. «Ол өз ісіне берілген жан болды. Боз кілемде  аянбай тер төгіп, шәкірт баулумен айналысты», – деді ол.

Жақында Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы атанған, Алматы қаласында ұлттық құрама сапында қызмет ететін, әкесінің жолын қуған Серік Жұмашев турнирдің ұйымдастыру жұмысына ризашылық білдірді.

%d0%b6%d1%83%d0%bc%d0%b0%d1%88%d0%b5%d0%b2-2Шарада Серік Мұратұлына дүниеден озған бапкердің шәкірті, әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев естелік-сыйлық табыс етті. Артур алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысында грек-рим күресіне жасөспірімдерді баулуға белсене атсалыспақ.

Мұрат Жұмашевті еске алу турнирінде Орал қаласынан, Бөрлі, Зеленов, Қазталов, Теректі, Шыңғырлау, Сырым аудандарынан және Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан келген жас балуандар белдесуде. Жеңімпаз-жүлдегерлерді марапаттау шарасы ертең ұйымдастырылады.

 Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале