25.08.2016, 21:02
Оқылды: 23

Оралда «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын тексеруде

Оралда «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын тексеруде   «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, сумен  жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелері» бағыты бойынша жылу магистралі құбырларын қайта жөндеу жұмыстары барысымен танысты.


   Көшпелі отырысқа осы бағыт бойынша арнайы құрылған «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының жанындағы комиссия мүшелері және қалалық филиал қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысады.

   Тексеріліп отырған нысан бірнеше рет БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің сынына ұшыраған болатын. Жұмыс жай басталып, ерте аяқталған. Орал қаласындағы Темір Масин көшесіндегі қайта жөндеу жұмыстары жаңа  жылу магистралі құбырларыныңұзындығы 485 метрді құрайды. Аталмыш нысан прорабы Асылхан Кенживтің айтуынша үстіміздегі жылдың шілде айында басталған қайта жөндеу жұмыстары он бес күнге кешігуіне қарамастан қазақ айының бірінде, яғни жоспарға сай аяқталып, тапсырылады.

   - Бұл жылу магистралі құбырлары жиырма жыл ауыстырылмаған екен. Қазіргі таңда аталмыш нысан бойынша қайта жөндеу жұмыстарының қырық пайызы атқарылған. Жұмыс ойдағыдай жүргізілуде, нысан уақытылы тапсырылатынына сенімдімін, - деді комиссия мүшесі, «Орал су арнасы» БПҰ-ның төрағасы Телжан Есетов.

   Тексеру барысында комиссия мүшелері каскасыз жүрген жұмысшыларды байқап, ескерту жасады. Өз кезегінде прораб жұмысшылардың каскасыз жүруін аптап ыстық салдарынан деп ақталды.

  Айта кетейік, қаламызда қазіргі уақытта, ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, сумен  жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелері бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қала аумағында жалпы 9 құрылыс нысаны бойынша 1905,257 млн. теңге бөлініп отыр.

  2016 жылы қала аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін 419,0 млн теңге, үйлерді абаттандыру және үй аралық жолдарды қалпына келтіру мақсаттары үшін ұлттық қордан 14 нысанға 1835,146 млн. теңге, су құбырларымен, канализация құбырларын қалпына келтіру жұмыстары үшін, жалпы сомасы 1 529,860 млн. теңге құрайтын 12,8 км құбырларды жөндегелі отыр.

«Нұр Отан» партиясы

БҚО филиалының баспасөз хатшысы

Назгүл Қожанбаева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале