12.12.2015, 17:18
Оқылды: 17

Оралда орыс мәдениетінің күні аталып өтілді

 Ostrovski    Орал қаласындағы А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында ҚХА жылы аясында 11 желтоқсанда орыс мәдениетінің күні аталып өтілді.


 

БҚО орыс мәдениеті орталығы ұйымдастырған мерекелік концертке қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Елбасы саясаты нәтижесінде Қазақ елінде көп ұлт өкілдерінің бейбітшілік пен тыныштық туы астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясындай бірегей ұйымға біріктірілген барлық ұлт пен ұлыс өкілдері еліміздің одан әрі өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Олар өздерінің күнбе-күнгі еңбектерімен, қоғамдағы қызметімен ел тәуелсіздігін нығайта түсуде.

Концертте «Скоморохи» фольклорлық ансамблі (жетекшісі Светлана Абрамова), белгілі өнер майталманы Нина Попова жетекшілік ететін скрипкашылар ансамблі сынды өңірге танымал шығармашылық ұжымдары ән-билерімен, классикалық туындыларымен көпшілікті риза етті. Сонымен қатар орыс әдебиеті мен тұрмыс бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале