21.09.2016, 10:24
Оқылды: 16

Оралда саяжайлардың бірінен ер адамның мүрдесі табылды

 %d0%ba%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b5  19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 22.00-де Орал қаласы аймағындағы «Вишенка» саяжай қоғамына қарасты саяжайлардың бірінен құдыққа тасталып, үстінен бетон құйылған 1980 жылғы С. есімді ер адамның мүрдесі табылды.


 БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесінде зорлықпен өлтірудің белгілері болған.

  Жедел іздестіру шаралары барысында аталған іске қатысы бар күдікті ұсталып, Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

  Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале