20.08.2016, 17:15
Оқылды: 48

Оралда Спорт күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті

FB_IMG_1471696262990'Атамекен' лагерінде Спорт күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиын барысында сөз алған облыс əкімі Алтай Көлгінов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.


FB_IMG_1471696244854-Кез-келген мемлекеттің туы тек екі жағдайда көтерілетіні белгілі. Бірі - мемлекет басшыларының өзге елге сапары барысында, екіншісі - спортшылардың жеңісі кезінде. Биылғы Спорт күні Рио Олимпиадасымен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінде əлем жұртшылығының назары Бразилияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында екені белгілі. Бұл мəртебелі додада ел намысын облысымыздың бес спортшысы қорғады.

Таяуда Қадыр орталығында оралдықтар Данияр Елеусіновке қолдау көрсеткен еді. Оның алтыннан алқа тағуына жерлестері осылайша үлестерін қосты.

FB_IMG_1471696271247Артынан əйелдер күресінен Екатерина Ларионова қола жүлдегер атанды. Бұл барлық батысқазақстандықтардың жеңісі,- деді өз сөзінде облыс басшысы.
Содан соң Алтай Көлгінов үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды өзінің алғыс хатымен марапаттады.

Сəкен Мұратұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале