4.12.2015, 19:26
Оқылды: 22

Оралда темір тордың ар жағында отырып алаяқтық жолмен 800 мың теңгеден астам пайда тапқандарға сот үкім шығарды

Tiyrma    Бұл азаматтар түзету мекемесінде отырып алып, қала тұрғындарының ұялы телефондарына қоңырау шалып, ақша беруін талап етіп бопсалап келген.


 

Оқиға желісі былай өрбіген. Олар өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, жәбірленушілерге баласының немесе туысқанының қылмыс жасап құрықталғанын айтып, қылмыстық істі қозғамау үшін тез арада ақша тауып беруін талап еткен, деп хабарлайды www.batysnewskz.kz сайты.

Көбіне мұндай қоңыраулар түн жарымында жасалған. Сондықтан абыржулы тұрғындар жағдайдың анық-қанығына жетпей тұрып, қолдарындағы барын қылмыскерлерге беріп жіберіп, сан соғып қалыпты.

Осылайша, ұйкылы-ояу жандар бар жинаған қаражатын қылмыскерлердің қолына бере салған. Орал қалалық сотының судьясы Гүлнар Гисмадутдинованың айтуынша, қылмыстық топ 3 адамнан құралған. Олардың екеуі қазірдің өзінде өз жазасын түзету колониясында өтеп жатыр. ҚР ҚК 190 бабаның 2 бөліміне сәйкес, айыпталған азаматтардың бірі Қаратаев 60-шы бапқа сай, мойнындағы мерзімімен бірге 6 жылға, Сейілғанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал, Сейілғанов текті күдікті осыған дейін түзету колониясында жазасын өтеп шыққан екен. Жәбірленушілерден ақшаны алып кетудегі айыбы дәлелденген аталмыш тұлғаның да 3 жылға бостандығы шектелді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале