5.03.2016, 13:55
Оқылды: 21

Оралда Қадыр оқулары мәреге жетті

 Kadir okulari  Қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында мектеп оқушылары арасында IV облыстық Қадыр оқулары мәреге жетті.

Сырым ауданы әкімдігі мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған байқау барысында үш аталым бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Атап айтқанда, «Сөздің бәрі құдіретті...» бөлімі бойынша Қадыр ақын өлеңдерін жатқа оқудан сырымдық Д.Есжанова мен теректілік Р.Алмашова бас жүлдені иеленді. «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» бөлімінен ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан оралдық А.Ерсайынова озып шықты.


«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» атты қорытынды бөлімде өз туындыларын ақынға арнаған жас дарындар арасынан Оралдағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің шәкірті Айсара Зейін суырылып шығып, жеңімпаз атанды.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Байқау жыл сайын Қадыр ақын шығармаларын жатқа оқушылар санының өсіп келе жатқандығын көрсетті.

Айта кетейік, Қадыр оқулары осыған дейін туған жері Сырым ауданында өткізіліп келген болатын.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале