22.04.2016, 20:17
Оқылды: 34

Оралда Қадыр оқулары өтті

kadir okularyБүгін Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында V облыстық Қадыр оқулары оздырылды. Шара БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, аталған кітапхана ұйжымынң ұйымдастыруымен өтті.


 

Қадыр оқуларына қаладағы университеттер мен коледждерден келген 17-35 аралығындағы 20 үміткер қатысты.

Сайыс үш аталым бойынша өтті. Қадыр өлеңдерін мәнерлеп оқу талап етілген «Болу үшін жаралған туған жердің жырауы» аталымында Бөкейорда ауданынан Назгүл Пахман бірінші, сырымдық Алтынгүл Ғибратова екінші, Құрманғазы саз колледжінің студенті Ақылбек Амантай үшінші орынды иеленді.

Kadr«Жүрегіне халқымның жол табамын» аталымында өз өлеңдерін оқудан Ақжайық ауданынан Әнуар Аманжолов бірінші орынның биігінен көрінсе, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Асланбек Шығыров екінші орынды еншіледі, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті Нұржауған Есен үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал «Ақыннан қалған асыл сөз» аталымында Қадырдың қанатты сөздері бойынша ұяшықпен берілген тапсырмаларды орындаудан өзара сынға түскен қатысушылардың арасында Батыс Қазақстан индустриалды колледж студенті Сапармұрат Төлегенұлы бірінші, Зеленов ауданынан Зарина Хамиева екінші, маңғыстаулық ару Шырын Бесінбаева үшінші орынға ие болды.

Байқаудың бас жүлдесін Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті Самат Байболатов жеңіп алды. Аталымдар жүлдегерлеріне де дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Байқау барысында ақынның өлеңдері оқылып, келушілерге өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі, бейнефильм ұсынылды. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған композиторлар Н.Тілендиевтің, Е.Хасанғалиевтің, С.Бәйтерековтің әндері орындалды.

www.zhaikpress.kz

Серік Ықсанғали

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале