14.10.2015, 16:09
Оқылды: 22

Оралда Қазақстан студенттері Альянсының ХІІ республикалық слеті өтті 

АСКБүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан студенттері Альянсының ХІІ республикалық слеті өтті.

Слетке еліміздің 10 өңірінен 40-тан астам делегат, «Орал студенттер Альянсының» белсенді мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері мен көшбасшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында  студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастардың жаңа жобалары мен тың бастамаларына қолдау көрсету, «Қамқор» акциясы аясындағы қайырымдылық шаралар жөнінде әр өңірден келген көшбасшылардың баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ Қазақстан студенттері Альянсының жаңа көшбасшысын тағайындау күн тәртібіне қойылды.

Мержан АбилхасАлдымен жиналғандарды құттықтаған облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Азамат Айтуев слет жұмысының нәтижелі өтуіне тілектестігін білдірді.

Одан әрі слеттің ең маңызды сәтінің бірі - Альянстың жаңа көшбасшысы тағайындалды. Осыған дейін Қазақстан студенттері Альянсын басқарған Арман Абдоллаев жастардың бірауыздан қолдауымен  өз тізгінін Орал студенттер Альянсының көшбасшысы Мержан Әбілқасқа табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы ұйымы Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен 2005 жылдың сәуір айында студент жастардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған болатын. Содан бергі он жыл бойы жұмысын үздіксіз атқарып келеді.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале