10.09.2016, 19:26
Оқылды: 64

Оралда Қала күніне орай жаңа алаң ашылды (ФОТО)

screenshot_2016-09-11-22-23-33-1Оралда Қала күні мерекесіне орай жаңа алаң пайдалануға берілді. Бұл қала тұрғындары үшін тамаша тарту болды.


Алаңның жалпы ауданы 7,0222 гектарды құрайды.  Ол қала тұрғындарының демалуына әрі мәдени-көпшілік шараларды өткізуге арналған.

screenshot_2016-09-11-22-33-08-1Үш аумаққа бөлінген алаңда театрландырылған ойын-сауық аймағы, жазғы амфитеатр, шығармашылық үйі, бірнеше ротондалары бар каскадты субұрқақтар кешені, жапырақты талдармен көмкерілген доғалар тізбегі, биіктігі 60 метр мұнара бар. Халықтың серуендеп, демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған, орындықтар қойылып, жарықшамдар ілінген.

screenshot_2016-09-11-21-19-53-1«КазАрхСтрой» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің жобасы бойынша салынған аталмыш алаңның құрылысына мемлекет қазынасынан 1,5 млрд. теңге бөлініп, игерілген.

Мердігер компания «Марасант» ЖШС алаң құрылысын 2014 жылы 15 мамырда бастап, биыл салып бітірді.

fb_img_1473606015268Айгүл Ахметова

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале