28.06.2015, 0:43
Оқылды: 44

Оралда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтуде

El 4empionati   Орал қаласында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату сынды ұлттық спорт түрлері бойынша ел чемпионаты өтуде.

Зеленов ауданы Асан ауылындағы ат спорты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында өтіп жатқан біріншілікке Қазақстан өңірлерінен тоғыз команда құрамында 250 шабандоз қатысуда. Сайысқа бірінші болып көкпаршылар түсті. Алғашқы кездесуде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының көкпаршылары күш сынасып, онда 6:1 есебімен жамбылдықтар жеңіске жетті.

БҚО құрамасы сапында 13 атпен 20 спортшы өнер көрсетуде. Батысқазақстандықтар көкпардан мықты болмағанымен, аударыспақтан жүлде алудан үмітті.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлеріне спорт шебері атағы беріледі. Сондай-ақ үздік шыққандар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Чемпионат 30 маусым күні мәреге жетпек.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале