29.03.2016, 13:21
Оқылды: 33

Оралда әдемілік салонында әйелдің көз жұмуына байланысты күдікті ұсталды

tyrme    Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше сағат 12.30-да «Звезда Востока» әдемілік салонында косметикалық ота жасау кезінде 1977 жылғы әйел көз жұмды.


    БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша Э. есімді косметологқа қатысты ҚР ҚК 317-бабы 3-бөліміне (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамауы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

    Күдікті ұсталып, БҚО ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

 www.zhaikpress.kz

 Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале