28.09.2016, 20:06
Оқылды: 65

Оралда әлеуметтік желі белсенділері бас қосады

karyawan-indonesia-aktif-di-sosmed-saat-jam-kerja«Жайық Пресс» медиахолдингінің ұйымдастыруымен, 29 қыркүйек күні сағат 18:00-де аталған мекеменің мәжіліс залында өңірімізге танымал әлеуметтік желі белсенділері бас қоспақ. 


 

Шараның мақсаты әлеуметтік желі белсенділерінің офлайнда бастарын қосу, танысу, еркін форматтағы кездесуде ой-пікір, ұсыныстарды ортаға салу.

Шарада облысымызда орын алған оқиғаларды қалт жібермей қадағалап, қоғамдық пікір туғыза білген және өңірдегі мәселелерді, жетістік пен кемшілікті айта білгендер бас қосып, өз ойларын ортаға салмақ. Дөңгелек үстелге газет тілшілері де қатысады.

Шара барысында медиахолодингтің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, өңірге қатысты жаңа жобалары да таныстырылады. Сондай-ақ желі белсенділерінің алғашқы басқосуында өңірдің ономастикалық мәселесі, елді мекен, көше атауларын өзгертуге ұсыныстар тыңдалып, талқыланбақ.

Қатысам деушілерге шек қойылмайды.

Өтетін орны: Мұхит көшесі, 57/1, «Жайық Пресс» ғимараты

Уақыты:  бейсенбі, 29 қыркүйек, 2016 жыл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале