15.04.2016, 12:16
Оқылды: 40

Оралда өлкетанушылар олимпиадасы өтті  

 

olketanuБүгін қаламыздағы «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени, табиғи мұрасы» атты өлкетану олимпиадасы өтті.


 

ҚР 25 жылдығы мен Бөкей ордасының 215 жылдығына орай ұйымдастырылған олимпиаданың негізгі мақсаты – өлкетану қозғалысын жандандыру, шығармашылық қабілеті бар, өлкетанудан зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жүретін және өз көзқарасын қорғай білетін дарынды балаларды анықтау.

olketanu (1)Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС, Орал қалалық «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, «DANAkaz»  тарихи-танымдық журналы, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» ұйымдастырған олимпиаданың бірінші кезеңі сырттай өткізілді. Бірінші кезеңге Ақжайық, Жәнібек, Бөрлі, Сырым, Жаңақала, Теректі, Қаратөбе, аудандары мен Орал қаласындағы мектеп оқушыларынан 32 зерттеу жұмысы түсті.

Өлкемізге белгілі ғалымдар, өлкетанушы-тарихшылар, БАҚ өкілдері, Қазақстан Журналистер Одағының, Ресей Өлкетанушылар одағының мүшелері мен жоғары санатты ұстаздардан құралған  қазылар алқасы 26 жұмысты іріктеп, екінші кезеңге өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале