24.10.2016, 10:36
Оқылды: 36

Оралда 2017 жылғы Универсиадаға 100 күн қалғаны аталып өтті

14793800_10207566624776131_872084082_nБүгін Орал қаласындағы «Ақжайық» стадионында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 100 күн қалуына орай жаттығу өтті.


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз атшысы Арсен Ғұбашевтің айтуынша, жаттығуға қаламыздың 500-ден астам спорт ұйымдарының қызметкерлері мен спортшылары қатысты.

14801158_10207566626936185_1782365435_nАталмыш акцияға арнайы қонақ ретінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы Алексей Дергунов келіп, спортшылармен бірге жаттығу өткізді.

Айта кетелік, дәл осындай шара қаламыздың барлық ЖОО-да, ЖОББМ-інде өтті.

Эстафета алауы біздің өңірге 27 қаңтарда жетеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале