5.11.2015, 13:10
Оқылды: 21

Оралда 21 жастағы әйел жаңа туған сәбиін гараждардың арасына тастап кеткен

Balani tastap ketken Кеше кешкісін сағат 17.45-те Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы гараждардың арасынан пакетке оралған жаңа туған ұл бала табылды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті істеген ісін мойындап, жағдайының жоқтығынан осындай қадамға барғандығын жеткізді. Оған ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат берілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, нәресте облыстық көпбейінді балалар ауруханасында емделуде. Оның халі орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда.

 

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале